
Муханбеткалиев Аскен Самуратович
стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Орал қ, Н.Назарбаев даңғылы, 208 үй
8 (7112) 24-32-50
reception@wkitu.kz
Миссия:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандарын даярлауда стратегиялық дамуды және білім беру сапасын қамтамасыз етуді іске асыру.
Мақсаты:
Университет Стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылатын стратегиялық бағдарламаларды, жобалар мен жоспарларды қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету;
Университеттің Стратегиясын іске асыруға және білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған университеттің стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын орындау барысында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету;
Басқару жүйесін жаңғырту бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу, білім беру сапасы тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін мониторингтеу және жетілдіру;
Институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу рәсімдерінен өту бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне басшылық ету/үйлестіру;
Берілген өкілеттіктер шегінде кафедралар мен деканаттар жұмысының тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыруларын, басшылықтың әкімшілік әдістерін үйлестіру негізінде сапаны қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырудың психологиялық қолайлы ортасын ұйымдастыру.
Қызметтің негізгі бағыттары:
Стратегиялық жоспарлау үдерісін, оның ішінде университет қызметінің негізгі бөлімшелері мен басым бағыттары деңгейінде әдіснамалық, талдамалық және ақпараттық қамтамасыз ету;
Стратегияны іске асыру тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін әзірлеу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу, әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен болжамдарын іске асыруға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, оларды түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Кешенді бағдарламалар, жоспарлар, жобалар және стратегияны іске асыруға бағытталған басқа да іс-шаралар форматында стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыру;
Стратегияны іске асыруға және/немесе түзетуге, білім сапасын арттыруға, университетті дамытудың басым бағыттары шеңберінде өзге де бағдарламаларды(жоспарларды, жобаларды) қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған құжаттар мен ұсыныстарғасараптамалықбағалаудыұйымдастыру;
Стратегиялық жоспарларды, даму бағдарламаларын және бизнес-жоспарлауды әзірлеу мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерін және университеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғаларды консультациялық қолдау;
Стратегия мен сапа саясатын іске асыру мониторингі, ауытқуларды анықтау, оны білім беру және ғылыми-инновациялық салалардағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі үрдістерге сәйкес түзету бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
Университеттің стратегиясын іске асыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша университеттің мемлекеттік билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен және кәсіпорындармен өзара байланысты ұйымдастыру.