Магистратураға арналған буклеттер

БҚИТУ Инженерлік – технологиялық факультеті 2020 – 2021 оқу жылына магистратураның келесі білім бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау жүргізетіндігін жариялайды:           

  1. 7М07201 – Мұнай газ ісі
  2. 7М09101 – Ветеринарлық медицина

Магистратураға дайындық екі бағытта жүреді:

1) ғылыми-педагогикалық бағытта – оқу мерзімі 2 жыл;

2) бейіндік бағытта – оқу мерзімі 1 жыл; 1,5 жыл.

Ғылыми – педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар, колледждер үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлайды.

Бейінді бағыт бойынша магистратура экономика, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлайды.

Магистратураға өтініштер қабылдау мерзімі:                  2020 ж. 15 маусым –  15 шілде  

Кешенді тестілеу өту мерзімі:                                              2020 ж. 1 – 15 тамыз 

Оқуға қабылдау мерзімі:                                                      2020ж28 тамызына дейін      

Кешенді тестілеуге:

– шетел тілінен тест;

-білім беру бағдарламалары тобының бейіні  бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде);

-оқуға дайындығын анықтауға  арналған тест (қазақ немесе орыс тілінде).

 

Магистратурада білім алу үшін Кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау  жүйесінің шкаласы

Тест түрлері Тапсырма нысандары Тапсыру тілі Тапсырмалар саны Балдар Өту балы
1 Шет тілі  бойынша тест 1. Тыңдау

2. Лексикалық-грамматикалық тест

3.Оқу

ағылшын / неміс / француз 50 50 25
2 Оқуға дайындығын анықтау тесті Бір дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша  30 30 15
3 Білім беру топтарының пәндері бойынша тест Бір дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша 30 30 15
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша 20 40 20
  Барлығы     130 150 75

(150 балдың  ішінен) КТ нәтижесі бойынша магистратураға қабылдаудың өту балы

Даярлау бағыты Ақылы негізде Мемлекеттік тапсырыс бойынша
1 ғылыми-педагогикалық магистратура 50 балдан кем емес 75 балдан кем емес
2 бейінді магистратура 50 балдан кем емес 75 балдан кем емес

 

Магистратураға түсуші тұлғалар ЖОО – ға мынадай құжаттарды тапсырады:

өтініш; жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбекөтілі бар тұлғалар үшін); 3×4 сантиметр өлшемді 6 фото сурет; 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы; шетел тілінен тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың көшірмесін (бар болса); тезтігіндегіш, конверт, файл.

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түп нұсқалар қайтарылады.

САПАЛЫ БІЛІМ  —  ТАБЫСТЫ ЛАУАЗЫМҒА АПАРАР ЖОЛ!

БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультетінің

магистратурасына қош келдіңіздер !!!

Кеңес алу үшін келесі мекен-жайға жолығуыңызға болады:

Орал қаласы, Ықсанов көшесі, 44; 

Магистратураға қабылдау жөніндегі барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз :

8 777 385 76 81;  8 (7112) 50 01 69; аудитория № 314;   

7М09101 – Ветеринарлық медицина мамандығы магистратурасына қабылдау жөнінде: 8 705 465 85 85; №107 кабинет (Экология және биотехнология  кафедрасы);

7М07201 – Мұнайгаз ісі мамандығы магистратурасына қабылдау жөнінде : 8 777 574 63 60; №307 кабинет (Мұнайгаз ісі және салалық технологиялар кафедрасы)