Комплаенс

Абекешев Аянбек Иманбаевич

Магистр экологии, комплаенс офицер
 

Біздің университет өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына, іскерлік этика қағидаттарына және университеттің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс-офицер өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, бұйрықтарды және Университеттің іскерлік этика қағидаттарына, басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.  Комплаенс-офицер Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасына тікелей бағынатын лауазымды тұлға болып табылады.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету.

2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету.

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау.

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:

  • қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік этика кодексін сақтауын бақылау;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз ету.

Сіз бұзушылық әрекетіне тап болдыңыз ба?

Комплаенс-офицерге хабарлаңыз – біз қауіпсіздік пен құпиялылыққа кепілдік береміз. Қаласаңыз, жасырын түрде хабарласа аласыз. Комплаенс қызметінің жедел желісі оған білім алушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ университет серіктестерінің жүгінуіне арналған. Бізге қоңырау шалыңыз немесе кері байланыс түрінде немесе корпоративтік поштаға жазыңыз — өз атыңызбен немесе жасырын түрде. Біз барлық өтініштер, соның ішінде анонимді өтініштер қаралатынына кепілдік береміз.

Комплаенс қызметінің мекен-жайы мен байланыстары:

Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 194, 215 кабинет

Телефон: 8 777 176 94 97

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Ереже Бұйрық Хаттама  Хаттама  Хаттама 

 

БҚИТУ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамы

 

Жоспар