Image

Машанова Самал Амангельдиевна

бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а.

Орал қ, Н.Назарбаев даңғылы, 208 үй

8 (7112) 50-99-90

samal.kz.79@mail.ru

Миссиясы:

білім нарығында бәсекеге қабілетті жаңа буынның білім алуына жәрдемдесу. Миссиясы: Білім нарығында бәсекеге қабілетті, білімді, жаңа заманға сай мамандарды дайындауға үлес қосу.

Міндеттері:

  • Оқу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жедел басқару;

  • Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру;

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • мамандықтар бойынша академиялық күнтізбенің орындалуын, ПОҚ-ның сабақ кестесінің жүзеге асуын, кураторлық сағат және емтихандардың өтуін бақылау;

  • баға қою саясатын реттеу, оқытылған кредиттер және алынған баға туралы ақпаратты және студенттік академиялық рейтингін ( GPA) басқару;

  • облыстың білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар бойынша жұмысын, университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

  • аумақтың экономикалық, әлеуметтік, өндірістік саласына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті маман даярлау;

  • ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде жоғары кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

  • студенттерді кәсіби сараманнан өткізу және жұмыспен қамту саласында білім беру басқармаларымен, орта жалпы білім беру мекемелерімен, аймақтық ұйымдармен, мекемелермен университет арасында қарым-қатынасын дамыту;

  • университет кафедраларының филиалдарының қызметі арқылы «Білім беру-ғылым-өндіріс» қарым-қатынасты нығайту мақсатында қызметті реттеу, сараманның барлық түрлерін сапалы ұйымдастыру, еңбек нарығын зерттеу және университет түлектерін жұмыспен қамту ісіне үлес қосу;

  • барлық оқу түрі студенттерінің оқу үлгерімі мен білім сапасына бақылау өткізу, факультеттер мен кафедралардың оқу үрдісін ұйымдастыру қызметін бақылау, сынақ-емтихандық сессиялар мен білім алушылардың мемлекеттік аттестациялауды дайындау және өткізу кезінде кафедра жұмыстарын оперативті қадағалау;

  • академиялық лектерді құру, аналитикалық және статистикалық есеп беру, студенттерді ауыстыру, оқудан шығару, қайтадан оқуға қабылдану және қайта оқыту жөніндегі бұйрықтарды шығару ісіне бақылау жасау.