27 желтоқсан 2024 жылы мұнай-газ инженериясы кафедрасында педагогикалық шеберлік мектебі (ПШМ) аясында «Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу туралы актіні жасау» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті аға оқытушы Қалешева Г.Е. өткізді. Тренингтің мақсаты — инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу туралы актіні дұрыс және тиімді жасауға үйрену, сондай-ақ оның маңызы мен құрылымын түсіну. Тренинг барысында қатысушылар актіні жасауға қатысты негізгі аспектілермен танысып, оның мақсаттары, міндеттері және құжаттың құрылымдық элементтерін талқылады. Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің түрлі тәсілдері, мысалы, жаңа оқыту әдістерін, білім беру платформаларын, қашықтан оқыту технологияларын және білім сапасын жақсартуға бағытталған басқа да инновациялық шешімдерді қолдану мәселелері қарастырылды. Тренингке қатысқан әріптестеріме шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің қатысуларыңыз бен белсенділігіңіз бұл шараны тек пайдалы ғана емес, барлығына да қызықты етті.

