Футболшымен кездесу
2023 жылғы 15-желтоқсанда БҚИТУ акт залында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 25 жылдығына арналған шаралар аясында университет түлегі, белгілі қазақстандық футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркін Олегұлы Тапаловпен кездесу ұйымдастырылды. Бүгінгі күні Еркін Тапалов “Қызыл-Жар” клубының футболшысы және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.
Кездесу барысында танымал футболшы отандық футболдың деңгейі мен басқару жолының өсу кезеңдері, жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін қадамын жаңа ғана бастаған әр жас футболшының міндеті, ұлттық құраманың абыройы үшін ойнап, жанкүйерлердің құрметіне ие болудың маңызын түсіндірді. Шара барысында университет проректоры А.И.Абекешев университет қонағы, танымал спортшыға БҚИТУ ректоры Б.Т.Шакешевтың Алғыс хатын табыс етті.


