• KZ
  • RU
  • EN

Түлектермен кездесу

Жыр жинағының тұсаукесері оздырылды

 

“Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасының ұйымдастыруымен 15 қарашада педагогика факультетінің 25-жылдығына орай университетіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының үздік түлегі, ақын Шайхиниязова Гаухар Жәрдемқызының “Өмір, саған ғашықпын” атты алғашқы жыр жинағын таныстыру, оқырмандарға кеңінен насихаттау мақсатында “Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған…” тақырыбындағы кездесу кеші өтті.

Кештің бастамасын университетіміздің аға оқытушысы, ақын Талап Таймасұлы әдемі тілегімен бастап, ақын шығармашылығын таныстырып, жыр жолдарын оқыды. Шара барысында университетіміздің филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасы білім беру бағдарламаларының білім алушылары ақын шығармаларынан үзінділер оқып, әндерін сахна төрінде шырқады. Ақын өз кезегінде төл туындысын университет кітапханасына табыстады.

Кеш соңында “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі М.Қ.Ажгалиев алғысын білдіріп, университет құрылтайшысы атынан естелік сыйлық пен гүл шоғын табыстады.